Пан Ги Мун Суданды ұйымдарды шығару мәселесін қайта қарауға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Суданды халықаралық гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлерін елден шығарып жіберу туралы шешімді қайта қарауға шақырды. Ол өз мәлімдемесінде елден гуманитарлық ұйымдардың бәрін қуып шығу көмекке зәру 4,5 миллион адамы бар Дарфурдағы жағдайға «орны толмас нұқсан» келтіретінін айтты.

Судан басшылығы Гаагадағы халықаралық қылмыстық соттың президент Омар әл-Баширді Дарфурдағы қара нәсілді тұрғындарды геноцидке ұшыратты деген айыппен тұтқындауға ордер бергеніне қарсылық ретінде елдегі 13 көмекші топты қуып шыққан.