Бүгін парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жасаған үндеуінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде 2009-2010 жылдары дағдарысқа қарсы жаңа бағдарламаны шикізат саласынан түсетін қаржының есебінен жүзеге асыруды ұсынды.
«Жаңа бағдарламаға, осыған дейін Ұлттық қордан бөлінген қаржыға қосымша, 600 млрд теңгеге жуық бөлінетін болады», - деген Назарбаев бұның «уақытша, бірақ қажетті шара» екенін атап айтып, әлемдік дағдарыстың әлі жалғасуы мүмкін екендігін ескертті.
Бұған дейін шикізат саласынан түскен қаржы Ұлттық қорға аударылып келген-ді. Қазақстан өкіметі осыған дейін дағдарысқа қарсы шараларға Ұлттық қордан 10 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлген.
Қазір 1 АҚШ долларының бағамы 150 теңгені құрайды.