Лавров АҚШ-ты ядролық қаруды азайтуға шақырды

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдеуінше, АҚШ пен Ресей үшін ядролық қарусыздану мәселесіне байланысты алға жылжуға уақыт келген. Женевада сөйлеген сөзінде Лавров АҚШ-ты Стратегиялық қару-жарақтарды азайту келісімін жасауға шақырды. Ол сондай-ақ Вашингтонды ядролық тәжірибеге тыйым салатын келісімді бекітуге шақырды. Сонымен қатар Лавров Таяу Шығыс ядролық қарудан тыс аймақ болуы тиіс деп атап көрсетті.