Украина қытайлық мигранттарды қамауға алды

Украина полициясы 46 қытайлық азаматты тұтқындады. Бұл мигранттар Еуропа Одағына кірмекші болған көрінеді. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, Қытай азаматтары отырған 3 автобус орталық Киев аймағында тоқтатылған. Автобус жүргізушілері Украина азаматтары болған.