Ауғанстанда канадалық сарбаз қаза болды

Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жарылыстан Канада сарбазы қаза тауып, төртеуі жараланды. Канада қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жексенбі күні Қандағар өлкесінің Шах Уали Кот аймағындағы жарылыс әлгі сарбаздардың көлігі жанында болған.