Көкшетауда жол полициясының бастығына пара алған деген күдікпен іс қозғалды

Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жол полициясы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Т.-ға қарсы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 177-ші бабының 2-ші бөлігінің «в» тармағы бойынша («Қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық») айып тағылып, қылмыстық іс қозғалып отыр, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігі.

Күдікті наурыздың 6-сы күні жол ережесін бұзған адамнан 30 мың теңге (400 АҚШ доллары) пара ретінде алып жатыр деген күдікпен ұсталған. ҰҚК облыстық департаменті бұл ақпаратқа қатысты Азаттыққа түсінік беруден бас тартты.