Бүгін KASE биржасындағы сауда нәтижесінде теңге бағамы 4 тиынға өсті

Бейсенбі күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сауда-саттық барысында қазақ ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бұдан бір күн бұрынғымен салыстырғанда 0,04 теңгеге өсіп, 1$ = 150,48 теңгені құрады, деп хабарланды KASE сайтында.