Дәрігерлік-әлеуметтік бөлім бастығы есірткі сатқан деген күдікпен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері тұрғындарды әлеуметтік қорғау және бақылау жөніндегі облыстық департаменттің дәрігерлік-әлеуметтік бөлім бастығын есірткі сатқан деген күдікпен ұстаған.

Күдікті облыстық психиатриалық диспансердің аумағында өзі жұмыс істейтін мекеме жалға алған қызмет бөлмесінде героинмен қолға түскен деп хабарланып отыр.