Германия жасөспірімнің қолынан қаза тапқандарды жерлеуде

Бүгін Германия 17 жастағы қарулы жігіттің оғынан қаза болған 15 адамды аза тұтып, елдегі туларды төмен түсірді. Сәрсенбі күні Винненден қаласында қара киінген жасөспірім мектептегі оқушыларға оқ жаудырып, 9 оқушы мен 3 мұғалім қаза тапса, полициядан қашып жүріп тағы 3 жолаушыны өлтірген болатын. Кейін ол полицияның оғынан қаза болды.