Сеул: Пхеньян алдағы айда жерсерігін ұшыруды жоспарлап отыр

Оңтүстік Кореяның ресмилері Солтүстік Корея келесі айдың басында жерсерігін ұшыруды жоспарлап отырғанын нақтыладық деп отыр. Ресми Сеулдің айтуынша, Солтүстік Корея сәуірдің 4-і мен 8-і аралығында жерсерігін шығыс жаққа қарай ұшырайын деп отыр.
Осыған дейін Оңтүстік Корея мен оның одақтасы Құрама Штаттар Солтүстік Корея алыс қашықтыққа зымырандық сынақ жүргізуге дайындалуы мүмкін деп мәлімдеген болатын.