Ресейлік дінтанушы қазақстандық шенеуніктерге дәріс оқуға келмек

Қазақстан Әділет министрлігінің Діни істер жөніндегі комитетінің шақыруымен, Ресейдің Діндер мен секталарды зерттеу орталықтары ассоциациясының президенті Александр Дворкин Астанаға келеді.

Ол наурыздың 16-18 аралығында Әділет министрлігінің, Президент Әкімшілігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның орталық аппараты мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінің қатысуымен «Дінтанушылық сараптамасының діни экстремизм идеяларының таралуының алдын алудағы рөлі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізеді, деп хабарлап отыр ҚР Әділет министрлігі.