OPEC мұнай өндірісін мамырға дейін сол күйінде қалдырмақ

Жексенбі күні Венада OPEC министрлері қазіргі мұнай өндірісінің деңгейін мамыр айына дейін өзгертпеуге келісті. Бұл жөнінде Ирақ мұнай министрі Хуссейн әл-Шахристани хабарлады. OPEC ұйымына мүше 12 елдің ресмилері мамырдың аяғында жиналып, нарық жағдайын қайта бағаламақшы.