Зейнетақы қаржысынан 26 млн теңге ұрланған

Алматы қаласының Бостандық аудандық зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың жауапты қызметкерлері мемлекет қаражатын өзара бөлісіп, жымқырған деген күдікке ілінді.

Прокурорлық тексеру жұмыстарының нәтижесінде, аталған орталықтың үш бірдей аға маманы қызмет өкілеттіктерін асыра пайдаланып, көзбояушылық жолдармен республикалық бюджет қоржынынан 26 миллион теңгені жеке бастарына пайдаланғаны ашылып отыр, деп хабарланды бүгін Бас прокуратураның сайтында.