Бүгін биржада доллар бағамы 150,25 теңгені құрады

Дүйсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгі сауда нәтижесінде 1 АҚШ долларының қазақ ақшасына шаққандағы бағамы 150,25 теңгеге теңелді. Өткен жұма күнгімен салыстырғанда доллар 0,04 теңгеге арзандады.

Бүгін қор биржасындағы сауда көлемі 41,6 млн АҚШ долларын құрады.