Әділет министрі: Заң жобасын дайындауда Конституциялық кеңестің пікірі ескерілуі тиіс

Бұл туралы бүгін Астанада парламент Мәжілісінде өткен жиында Әділет министрі Зағипа Балиева мәлімдеді.

«Құқықтық-нормалық заң жобаларын әзірлеу барысында Конституциялық кеңестің шешімдерін есепке алуды міндеттеу туралы қаулы жобасын үкіметке ұсындық», - деді министр.