Әлемдік су форумының басқосуы Түркияда жүруде

Су проблемасына арналған әлемдік конференция наурыздың 16-да Түркияда басталды. Оның жұмысына 130-дан астам ел өкілдері қатысуда. Оның күн тәртібінде су тапшылығы және соған байланысты туындауы мүмкін жанжалдар, сондай-ақ миллиардтаған халықты таза сумен қалай қамтамасыз етуге болады деген сауалдар тұр. Әрбір 3 жылда бір болатын Әлемдік су форумының бұл жолғы басқосуы жексенбіге дейін жалғаспақшы.