Иран өзінің пилотсыз ұшағын АҚШ әскері атқанынан бейхабар

Бүгін Иран өзінің пилотсыз ұшағын Бағдад маңында АҚШ әскерилері атып түсіргенінен бейхабар болғанын айтып отыр. Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хассан Гашгави өзінің бұл хабарды естімегенін айтты.
Осының алдында АҚШ әскерилері Ирақтың үстінен ұшып бара жатқан алыстан басқарылатын ирандық пилотсыз ұшақты өздерінің өткен айда атып құлатқанын хабарлаған болатын.
Ирақ қорғаныс министрлігіндегі әскери операциялардың басшысы генерал-майор Абдул Азиз Мохаммед Жассим бұл пилотсыз ирандық әуекеменің Ирақ кеңістігіне енуі түсінбестіктен болған шығар деген.