Вашингтонда ВИЧ дертін жұқтырғандар 3 пайызға жеткен

АҚШ астанасы Вашингтонда халықтың 3 пайызы СПИД дертіне әкелетін ВИЧ індетін жұқтырған. Бұл туралы БҰҰ-ның СПИД-ке қарсы мекемесі мен АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығының бірлескен баяндамасында айтылды.
Олардың айтуынша, Вашингтондағы үш пайыздық көрсеткіш СПИД дерті кең етек алды деген батыс Африкадағы көрсеткіштен де жоғары болып, эпидемиялық деңгейге жеткен.