Америка Қазақстаннан мешіт ашпақ

Қазақстан Америка ынтымақтастығы ұйымы Қазақстанда алғаш рет мешіт салмақ, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, мешіт американдық мұсылмандардың қаржысына салынады. Қазір жаңа мешіттің жобасына байқау жарияланды, оған қазақстандық және американдық сәулетшілер қатысады.

Ағымдағы жылдың соңында ашылады деп жоспарланып отырған мешіттің ашылуына АҚШ және Орталық Азия елдерінен мемлекет қайраткерлері мен дінбасылар шақырылмақ.