Түрік президенті 33 жылдан кейін алғаш Ираққа аяқ басты

Түркия президенті соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде тұңғыш сапармен Ираққа келді. Бағдадқа екі күндік сапармен келген түрік президенті Абдулла Гүл Ирақ президенті Жалал Талабанимен, премьер-министр Нұри Әл-Мәликимен күрд сепаратистерінің проблемасын және екі жақты сауда қатынасы мәселелерін талқылайды.
Абдулла Гүл – соңғы 33 жылда көрші Ираққа барған бірінші түрік президенті болмақшы. Соңғы рет Ирақта 1976 жылы Фаһри Корутүрк сапарда болған еді.