Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласының қаржы полициясы Денсаулық сақтау басқармасындағы кейбір лауазымды тұлғаларға қарсы қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің мәліметінше Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекеттік тапсырысты сатып алу кезінде белгілі бір компанияның мүддесі үшін жұмыс жасаған.