Иранда алкогольді ішімдіктен 10 адам опат болды

Иранның солтүстігінде үйде жасалған алкогольді ішімдіктен 10 адам қаза тапты. Иранның Мехр ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиға Гилан өлкесінің астанасы Рашт қаласында орын алған. Әлгі ішімдікті ішкен кемінде 27 адам қазір ауруханада жатыр, дейді полиция өкілдері. Иранда алкогольді ішімдіктерге тыйым салынған.