Обама Ресеймен байланысты жақсартып, НАТО-ны кеңейтпек

АҚШ президенті Барак Обама НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен Вашингтонда өткізген келіссөзден кейін Ресеймен қарым-қатынасты "қалпына келтіруге" ұмтылып, сондай-ақ "НАТО-ның есігі осы ұйымға кіруге ынталы мемлекеттер үшін ашық" екенін айтты.

Ресей Солтүстікатлантикалық одақтың шығысқа қарай кеңеюіне қарсылық білдіріп келеді. Келесі аптада Лондонда Барак Обама Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездеспек.