Бейжің: Пентагон баяндамасы шындыққа жанаспайды

“Бейжіңнің әскери қуаты артып келеді” деген Пентагон баяндамасы шындыққа жанаспайды деді Қытай. Сыртқы істер министрлігі өкілінің наурыздың 26-да айтуынша, екі жақтың әскери байланыстарына болашақта нұқсан келтірмес үшін Құрама Штаттар мұндай негізсіз айыптаулар жасауын тоқтатуы тиіс.

Пентагон АҚШ Конгресіне жасаған баяндамасында ресми Бейжіңнің заманауи қарулануға ұмтылысы Азиядағы әскери тепе-теңдікке өзгеріс алып келуде деген еді. Баяндамада сондай-ақ Қытай ядролық, ғарыштық және интернет кеңістігіндегі соғыс технологияларын жетілдіруде делінген.