НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне 5 жыл толды

Жексенбі күні кешегі 3 советтік республиканың және Шығыс Еуропаның 4 елінің НАТО құрамына мүше болып қабылдануына 5 жыл толды. 2004 жылдың 29 наурызында Латвия, Литва, Эстония және Болгария, Румыния, Словакия мен Словения Солтүстікатлантикалық альянстың мүшесі болды.
Бұл - НАТО блогінің Шығысқа қарай кеңеюінің екінші толқыны болды. Олардан бұрын 1999 жылы Мажарстан, Польша және Чехия альянсқа мүше болып қабылданып үлгерген болатын. Қазіргі күні НАТО құрамында 26 мемлекет бар.