Ауған армиясының автокөлігі минаға жарылды

Ауғанстанның шығысында ауған армиясының Спецназ бөлімінің 3 сарбазы жарылыстан мерт болып, төртеуі жараланды. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, әскерилердің автокөлігі Пактия өлкесін шолып жүрген кезінде минаға жарылды. Тергеу барысында 6 күдікті тұтқындалды. Бұл жайттың жай-жапсары хабарланбады.