Ауғанстанда жанкештілік шабуылдар жалғасуда

Ауғанстанның Қандағар аймағындағы полиция бекетінде жанкештілік шабуылдан 8 адам қаза болды. Аймақ әкімшілігінің айтуынша, Дун ауданында қаза тапқан бұл адамдар ішінде полиция офицерлерімен бірге қарапайым азаматтар да бар көрінеді. Осы шабуылдан тағы 6 адам жараланған екен.