ҰҚШҰ қауіпсіздік жүйесін басқару туралы келісім ратификацияланды

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы хатшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару туралы келісім күшіне енді.

Қазіргі уақытта аталмыш келісімді Қазақстан, Ресей, Армения және Беларусь Республикалары ратификациялады.