Британия күштері Ирақтан шығарылуда

Британия күштері ресми түрде Ирақтан шығарыла бастады. Сөйтіп осыдан 6 жыл бұрын Саддам Хуссейннің билігін құлатқан әскери операциялар аяқталып отыр. Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында орналасқан коалициялық базада Британия генерал-майоры Энди Салмон билікті АҚШ генералы Майкл Оатеске тапсырды.

2008 жылы қол қойылған келісімге сәйкес, Ирақтағы 4,100 ағылшын сарбазы шілде айында толығымен елден шығарылуы тиіс.