Обама мен Медведев Үлкен 20-лық саммиті барысында кездесті

АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев Үлкен 20-лық саммиті барысында, сәуірдің 1-де алғаш рет кездесті. Олар ядролық қаруға байланысты жаңа келісімшартқа қол жеткізгілері келетіндерін бірлескен мәлімдемелерінде хабарлады. Ал 1991 жылы қабылданған Стратегиялық қаруларды азайту туралы келісімшарттың күші желтоқсанның 5-де жойылады. Кездесуде талқыланған сауалдар қатарында Иранның ядролық бағдарламасының болашағы да болды.

Медведев Ресей-АҚШ қарым-қатынастарының болашағына үлкен сеніммен қарайтынын білдірді.

Ал Обама болса шілде айында Мәскеуге барып қайту туралы Медведевтің шақыруын қабыл алғандығын хабарлады.