Обама: Еуропаға әл-Қаидадан келетін қатер көп

АҚШ президенті Барак Обама Америкадан гөрі Еуропаға әл-Қаидадан келетін қатер көп деп ескертті. Сондықтан Ауғанстандағы әл-Қаидамен күресте Еуропаның көмегі керек екендігін oл Страсбургте мәлімдеді. Ауғанстан мен Пәкістандағы лаңкестік топтармен күрес ортақ проблема болғандықтан ол күресті бірлесе жүргізейік деді Обама. Сондай-ақ ол Еуропамен АҚШ арасындағы байланыстарды жақсартатынына да уәде берді.