Ауғанстанда одақтас күштер 20 бүлікшіні өлтірді

Ауғанстан мен АҚШ бастаған күштер Хельманд провинциясында жерден және әуеден жүргізген шабуылдарында 20 бүлікшіні өлтірген. Бұл туралы хабарлаған АҚШ әскерилерінің мәлімдемесінде, бүгінгі шайқас жұма күнгі Каяки ауданында әскерлерді торуылға түсірген талибан бүлікшілерінің әрекетінен кейін басталды делінген.
Осы аптада осы аймақта бірқатар қақтығыстар орын алып, екі жақтан да адам шығындары болды.
Ауғанстанның оңтүстігі талибан бүлікшілері жасырынған аймақ.