Молдовада сайлауалды науқан аяқталды

Бүгін Молдовада парламенттік сайлауға дайындық аяқталды.
Парламенттік сайлауға түсіп отырған Коммунистер жұма күні кешкісін Кишинев саябағында сайлауалды науқанын концертпен ресми түрде аяқтады. Либералдар мен Либерал-Демократтар өздерінің сайлау науқандарын теледидардағы теле-дебаттарымен қортындылады.
Жексенбі күні Молдованың дауыс беру құқы бар 2,6 млн халқы парламенттік сайлауға түсіп отырған 12 саяси партия мен қосымша 6 кандидатқа өз дауыстарын береді.