Пәкістан адам тиелген көліктен 43 мәйіт тапты

Бүгін Пәкістан полициясы ішінде 100 шақты адам тығыз тиелген жүк көлігін ұстағандарын хабарлап отыр. Оның ішінде 43 адамның өлі денесі табылып, тағы ондаған адам естерінен танып қалған.
Рейтерс агенттігі пәкістандық үкімет өкілдерінің айтқанына сілтеме жасап хабарлағанындай, ол жүк көлігі адамдарды жинап, Иранға апарып сатпақшы болған.
Бұл көлік Пәкістанға шекаралас Ауғанстанның Спин Болдак қаласынан келген.