Прагадағы Азаттық радиосының штаб-пәтеріне Хиллари Клинтон келді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон жексенбі күні Прагадағы Азат Еуропа/Азаттық радиосының штаб-пәтеріне келді.

Өз сөзінде Хиллари Клинтон Азат Еуропа/Азаттық радиосының әлемдегі демократиялық құндылықтарды насихаттаудағы рөлін атап көрсетті. Хиллари Клинтон Прагаға АҚШ президенті Барак Обама басқарған делегацияның құрамында келген.