Бүгін Қазақстанға америкалық «IBM» корпорациясының бас менеджері Росс Маури басшылық еткен делегациясының сапары басталды.
Сапар барысында Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың даму барысы мен Қазақстан-ІВМ екіжақты қатынастар барысы талқыланып, бірқатар мемлекет басшылығымен кездесулер жоспарлануда.
IBM (Ай-Би-Эм, Интернэшнл Бизнес Мэшинс) — 1911 жылы құрылған, бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлердің барлық түрлерін шығаратын әлемдегі ірі корпорацияның бірі. Жаһандық ақпараттық желінің ірі провайдері болып саналатын IBM-нің штаб-пәтері Нью-Йорк штатындағы Армонк қаласында орналасқан.