Ирақта 6 бомба жарылды

Ирақ полициясының хабарлауынша, дүйсенбі күні Бағдадта 6 жарылыс орын алып, кемінде 32 адам қаза тапқан. Бұл шабуылдардан сондай-ақ 90-нан астам адам жарақат алған.

Сонымен қатар, Ирақтың Дияла өлкесінде АҚШ сарбазы қаза тапты деп хабарланып отыр. АҚШ әскерилерінің мәлімдемесіне қарағанда, әлгі сарбаз Дияладағы әскери операция нәтижесінде көз жұмған.