Бағдадтағы жарылыстан 37 адам құрбан болды

Нақты мәліметтер бойынша, Ирактың астанасы Бағдадта болған жарылыстың салдарынан 37 адам құрбан болып, 90-нан аса адам жарақаттанған.

Полицияның ақпаратынша, дүйсенбі күні қаланың түрлі аудандарында жеті мина қойылған көлік жарылған.

Дияла провинциясында американдық әскери қызметкер өлтірілген, бірақ ол туралы толыққанды ақпарат жоқ.