Қазақстан дағдарысқа байланысты ғарыш жоспарын жүзеге асырмайды

Қазақстан экономикалық жағдайына байланысты қыркүйек айында өз астронавтын халықаралық ғарыш станциясына ұшырмайтын болды. Бұл туралы бүгін Роскосмостың басшысы Анатолий Перминов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық ғарышкердің орнына ғарышқа ресейлік астронавт немесе бір турист жіберіледі.