Иракқа АҚШ әскерлерінің кіргізілгеніне алты жыл толды

Иракта бүгін ел аумағына АҚШ әскерлерінің кіргізілгеніне алты жыл толғаны атап өтілуде. АҚШ әскерлерінің кіргізілуіне қарсы наразылық акциясы болуы мүмкін деп күтілуде. Тиым салынған «Баас» партиясының жетекшісі Иззат Ибрагим әл-Даури ирактықтарды күресті жалғастыруға шақырды.

Бағдаттағы соңғы үш күндегі теракт кезінде елу шақыт адам қаза болған.