Молдованың журналистерге тыйымы сынға ілікті

Ақпарат еркіндігін қорғаушы халықаралық ұйымдар Молдованың румыниялық 18 журналисті елге кіргізбей қойғанын сынап отыр. Румыниялық ақпарат өкілдері Кишиневтегі көтеріліс туралы хабар жасау үшін Молдоваға келгісі келген.
Шекарасыз репортерлер мен Журналистерді қорғау комитетінің мәлімдемелерінде, Молдова билігінің шешімі әділетсіз болды делінген.
Журналистер құқын қорғаушы топтар журналистердің елге кіруіне салынған тыйым, жағдайды ақпараттық тұрғыда толық қамтуға кедергі келтіреді деп айтты.