Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға барады

15 сәуірде ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыруы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.

Сапар барысында Қазақстан басшысы Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүргізіп, Бүкілқытайлық жиналыс тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен кездеспек.

Сондай-ақ ҚР президенті 17-19 сәуір аралығында өтетін Оңтүстік Қытай теңізінің Хайнань аралы провинциясында өтетін Боао азиялық форумының жұмысына да қатысады.