Обама әскери шығындарды ұлғайтпақ ниетте

АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі Конгрестен осы жылы Ирак пен Ауғанстандағы операцияларға 83,4 миллиард доллар бөлуді сұрап отыр. Мұның 75 миллиард доллары тиісінше әскери шығындарға арналса, 7 миллиардтан астамы Ирак, Ауғанстан мен Пәкістанға көмек ретінде берілмек.

Сонымен АҚШ-тың 2001 жылғы қыркүйектегі террористік шабуылдан кейін Ирак пен Ауғанстандағы операцияларға шығындаған қаржысы 1 триллион долларға жуықтап қалды.