Ирақта араб газеті мен телеарнасы сотқа тартылуда

Ирақ билігі ірі араб басылымы мен телеарнасының Бағдадтағы кеңселерін жабуды көздеп отыр. Әл-Хаят газеті мен Әл-Шарқия телеарнасына АҚШ босатқан бұрынғы тұтқындарды қамауға алу туралы жалған ақпарат таратты деген айыптар тағылуда. Әскери баспасөз хатшысы генерал-майор Қассим әл-Муссауидің айтуынша, аталған араб газеті пен телеарнасы оны жалған ақпарат көзі ретінде пайдаланғаны үшін сотқа тартылып отыр. Осыған байланысты газет пен телеарнаның редакторларынан пікір алу әзірше мүмкін болмай тұр.