Рахмон: Тәжікстан дұшпандары ақпараттық соғыс жүргізуде

Президент Эмомали Рахмон Тәжікстан «дұшпандары» үкіметті әлсірету үшін интернетті пайдалануда деп мәлімдеді. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рахмон өзінің жылдық жолдауында «ақпарат соғысы Тәжікстанның халықаралық саясатта атқарып отырған ролін кемсітуге және тәжік халқын болашақ туралы пессимистік ойландыруға бағытталады» деген. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы Тәжікстан туралы көптеген хабарлар «шындыққа жатпайтын материалдарға» негізделген деді Рахмон. Ол әлгі «дұшпандардың» атын атамады.