Халықаралық валюта қоры: экономикалық рецессия әдеттегіден ұзақ болады

Халықаралық валюта қоры (МВФ) әлемдегі қазіргі экономикалық рецессия әдеттегіден ұзақ әрі қатал болады деп қауіптенуде.

Өйткені бұл экономикалық құлдырау қаржылық дағдарыстан туындап отыр, — делінген Халықаралық валюта қорының әлемдік экономикалық жағдайға арналған баяндамасында.

Халықаралық валюта қорының мәліметтері «мұндай» рецессияның жылға жуық уақытқа созылатынын, бірақ қазіргідей құлдыраудың, орташа алғанда, бір жарым есе ұзақтау болатынын дәлелдейді.