Прагада журналист Тенгиз Гудава қайтыс болды

Журналист әрі құқық қорғаушы Тенгиз Гудава белгісіз себептермен Прагада қайтыс болды. 55 жасар бұрынғы диссидент Гудава 1987 жылы Совет одағынан қуылған болатын. Ол 1987-2004 жылдары Азаттық радиосының орыс қызметінде жұмыс істеді. Тенгиз Гудава бірқатар мақалалар мен кітаптардың авторы болған.