Медведев Финляндия президентімен кездесті

Ресей президенті Дмитрий Медведев екікүндік мемлекеттік сапармен Финляндияға барды. Медведев Финляндия президентімен кездесіп, Хельсинки университетінде сөз сөйледі. Екіжақты келіссөздер барысында энергетикалық қарым-қатынастар мәселесі талқыланды. Ресей жоспарланып отырған Солтүстік бағыт табиғи газ құбырына Финляндияның қолдау танытуын қалайды. Бұл құбыр Ресейден Балтық теңізі арқылы Германияға дейін салынбақ.