ҰҚШҰ сарапшыларының консультациялары басталады

ҰҚШҰ хатшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ мүше елдердің сыртқы істер министрліктері сарапшыларының консультациялары басталады.

Ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрліктері мен басқа да мүдделі мекемелердің қатысуымен өтетін бұл жиында халықты жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері қарастырылады.