Қытай мен Ресей мұнайға қатысты келісім жасады

Бүгін Мәскеу мен Бейжің Қытай базарына мұнай жеткізуші құбыр салатын мультимиллиардтық ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Ақпан айында жасалған бұл келісімге Қытай вице-премьері мен Бейжіңге барған Ресей вице-премьері Игорь Сечин қол қойды.
Сечиннің айтуынша, шығыс сібір-тынық мұхиты арқылы Қытайға мұнай құбырын салу 2010 жылы аяқталуы мүмкін.
Оның айтуынша:
«Бұл қаржы көздерінің қолдауындағы ерекше, ұзақ мерзімді келісім бүгінде біз құрылысын бастап кеткен мұнай құбыр арқылы Қытай Халық Республикасына қарай бағытталған».

Қытай-Ресей келісіміне Ресейдің құбыржолын салу мен Қытайға мұнай жеткізу шаралары кіреді. Бейжің ол үшін Ресейдің Роснефть компаниясы мен тасымалдаушы Транснефть компаниясына 25 млд доллар несие беріп отыр.